Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Төреғалидың ізбасары

«Қақпақты қара қазан» атанып кеткен Тайсойған өңірі қашанда таланттардан кенде болмаған.

Тарихи тұлғаларын айтпағанда бүгінгі жастары да біраз биікті бағындырып үлгерді. Солардың бірі – Айсұлтан Ертай. Ғ. Сланов атындағы орта мектептің 9 сыныбында оқитын ол жақында эс¬¬трада жұлдызы Төреғали Төреәлінің «Ұлы дала баласы болам десең...» атты онлайн-конкурсына қатысып, нәтижесінде мың баланың ішінен үздік жиырмалыққа енді. Ұйымдастырушылардың талабы бойынша әр бала өз өнерлерін көрсетіп, қысқаша видео-ролик түсіру керек. Жастайынан ат құлағында ойнап өскен Айсұлтанға бұл қиындық туғызған жоқ. Алдымен ат ерттеп, ат үстінде өнер көрсеткен ол соңында әншінің «Ләңгі» әнін орындады. Жерлесіміздің өнеріне тәнті болған Төреғали Төреәлі оны үздіктер қатарына қосып, Алматы қаласына өзімен кездесуге шақырды.

Қараша айында Алматы қаласына анасымен бірге барып, әншімен кездесіп келген Айсұлтан:

– Бұл мен үшін өмірімдегі ерекше оқиға болды. Бұрын тек теледидар мен әлеуметтік желілерден ғана көретін Төреғали Төреәлінің өзімен кездесіп, жеке суретке түсу бақытына ие болдым. Ол үздік шыққан әр баламен жеке-жеке танысып, өз ақыл-кеңестерін айтты. Алматы қаласын аралатып, бізге ерекше құрмет көрсетті. Ең басты қуаныш – үздік шыққан жиырма балаға «Ұлы дала баласы» деген атақ берілді. Сондай-ақ, біз алдағы уақытта Төреғали Төреәлінің жеке концертіне қатысып, киносына түсетін болдық, – дейді.

Осы орайда, Айсұлтан Атырау облысы бойынша іріктеуден өткен жалғыз бала екендігін айта кетейік. Ендеше, өнерлі жасқа тек қана шығармашылық табыстар тілейміз.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521