Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тұрғындар еңбекақысы көтеріледі

Сейсенбі күні Орталық коммуникациялар қызметінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Өңір басшысы «Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру аясында 2018 жылдың 9 айындағы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары» тақырыбында сөз сөйледі.

Атап айтқанда, Нұрлан Ноғаев өз сөзінде жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелеріне және мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға тарту шараларына тоқталды.

– Атырау облысындағы жұмыссыздық деңгейі биылғы жылдың екінші тоқсанында 4,9 пайызды құрады. Жалпы 26 494 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 16 246 – тұрақты және 10 248 – уақытша. Жұмыспен қамту орталығымен 16 666 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 4 956 адам жіберілді, 411 адам кәсіптік даярлықтан өтті.

– Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында өңірде халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1720 кәсіпорында 42 мың теңге жалақы алатын 10 415 адамның жалақысы ұлғайтылады. Қазіргі уақытта өңірдің 21 кәсіпорнында қызметкерлердің жалақысын арттыру шаралары жүргізілуде. Бұл кәсіпорындарда жалпы алғанда 2 587 адам жұмыс істейді, – деп нақтылады Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1166 кәсіпкер 81,4 миллиард.теңгеге мемлекеттік қаржылық қолдау шараларымен қамтамасыз етілді. Қаржыландыру 5778 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді, бұл ретте 15 970 жұмыс орны сақталып қалды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT