Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Су тасқынының салдарын жоюға ТШО 2 миллиард теңге қаражат бөлмек

Атырау, Қазақстан – 6 сәуір, 2024 жыл – «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) осындай қиын-қыстау кезеңде Атырау облысының тұрғындарымен және Қазақстан халқымен бірге. Бұл жағдайдың халықтың өміріне елеулі әсер ететінін ескере отырып, су тасқынына қарсы жедел әрекет ету шараларына және жағдай басылғаннан кейін қалпына келтіру жұмыстарына қолдау көрсету мақсатында Теңізшевройл қазіргі таңда 2 миллиард теңге қаражат бөледі.

Бұл бөлінген қаражат аймақ тұрғындары су тасқынының тікелей салдарын жоюға және зардап шеккендердің тұрмысын қалпына келтіруге септігін тигізетін маңызды үлес болып табылады. Су тасқынының алғашқы белгілері көрінгеннен бастап, Теңізшевройл мүмкіндігінше қолда бар ресурстарды ұсыну арқылы жергілікті халыққа және көпшілігі тасқын судан зардап шеккен аймақтарда тұратын қызметкерлеріне қолдау көрсету мақсатында, өзінің бизнес серіктестерімен және Атырау облысының әкімдігімен ынтымақтасып жұмыс істеуде.

Осы уақытқа дейін, ТШО мен оның бизнес серіктестері 90-нан астам мамандандырылған техника, шамамен 30 автобус, сондай-ақ азық-түлік тауарлары мен жанар-жағармай ұсынды. Теңізшевройл Қазақстанның игілігі үшін өндірісті қауіпсіз және сенімді түрде жүргізуді жалғастыра отырып, қоғаммен бірге болуға ұмтылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521