Қарабау орта мектебінде орналасқан №153 референдум учаскесіндегі дауыс беруге құқы бар 843 адамның 94-дауыс берді. Соның бірі – Шерхан Амандық.
– Бүгін алғаш рет дауыс беріп тұрғандықтан, бұл күн мен үшін маңызды десем де болады. Референдумға қатысып, дауыс беруді азаматтық міндетім деп есептеймін, - дейді ол.
Қызылқоға ауылдық округіне қарасты Бұхар елді мекені тұрғындарына дауыс беру жәшігі түстен кейін апарылады.