Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Атырау қаласындағы басқармалар мен сала басшылары арасында жиын өткізді.
Басты мәселе - әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде, «Телеграмм» желісі арқылы халықтан келген өтініш-тілектерге уақытылы жауап беруді тілге тиек етті. Ең алдымен облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы, «Атырау-Жарық» АҚ облыстық филиалы басшысына қазіргі таңда Телеграммға азаматтар шағымданып жатыр. «Электр желісінің қуаты дұрыс берілмеген соң олардың теледидар, мұздатқыш тағы сол сияқты тұрмыстық техникларының істен шығып қалып жатырғандығын айтып, оған қалай, қандай жауап береміз?, - деді. Неге біз өз жұмысымызды дұрыс ұйымдастыра білмегенімізден халық сондай зардап шегуі керек? Оның үстіне тұрғындар, қарызданып, қауғаланып, несиеге алып жатады деген облыс әкімі «Атырау Су арнасының» да қатысы бар екенін айтты.
Тұрғындарға әр мекеме дұрыс қызмет көрсетулері тиіс. Ешқандайда бөліп жаратыны жоқ олар газ, ыстық су, салқын су, электр жарығымен болсын, барлық қызмет түрімен қамтамасыз етілуі қажет. Коммуналдық шығынды өтеуге келгенде, тұтынушылардың құқына қарамастан, межелеген сомасын алудан шатаспайтынын алға тартып, аталмыш орындардың өздерінің міндетінен гөрі, қаржыны түсіруге көбірек мән беретініне тұрғындар наразылық танытуда. Сондықтан да біз сапалы жұмыс жасауымыз керек. Және де соны талап етемін. Барлық жағдай бар, қазіргі жаздың кезінде судың қысымы аз, жарық жоқ деген мәселелерді жоқ қылу керек, барлық күштерді жұмсап соны реттесек деп сала басшыларына тапсырма беріп, оның орындалысын қадағалауды орынбасары Н.Таубаевқа тапсырды.
А.ЖАЛҒАСҚЫЗЫ