Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сала мамандарына зор құрмет

Өткен аптаның жұмасы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлерінің күніне орай мерекелік жиын өтті.

Оған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, аудандық жұмыспен қамту орталығы, аудандық зейнетақы төлеу бөлімшесінің басшылары мен мамандары қатысты. Жиынды ашқан аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Тұрдағалиев:

– Елімізде ең қиын да жауапты жұмыстардың бірі әлеуметтік сала екендігі мәлім. Себебі, әлеуметтік сала қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандар, қарттар, жұмыссыздар, көп балалы аналармен тікелей жұмыс жасайды. Сан салалы жұмысты асқан жауапкершілікпен жасап келе жатқан сала мамандарының қай-қайсысы да мақтауға тұрарлық. Ендеше баршаңызды аудан әкімінің атынан кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын, - деген тілек білдіріп, Жангелдин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жанар Қуанышева мен аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Гүлсұлу Мұсағалиеваны аудан әкімінің, жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымның күндізгі болу бөлімшесінің психологы Бақытнұр Бекбауованы аудандық мәслихат хатшысының алғыс хатымен марапаттады.

Бұдан кейін сөз алған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Болат Салықов әріптестерін мерейлі мерекемен құттықтап, аудандық жұмыспен қамту орталығының жүргізушісі Айболат Есжановты алғыс хатпен ұлығылады. Одан әрі құттықтау сөз сөйлеген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ Атырау облысы бойынша филиалы әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Қызылқоға аудандық бөлімінің басшысы Жанар Асанғалива мен жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесінің директоры Гаухар Қанашова әріптестерінінің жұмысына жеміс пен толағай табыс тіледі.

 

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT