Таяуда «Арман» мәдениет үйінде Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының режиссері Мұқанғали Томановтың «Жәннат» атты драмалық қойылымын Атырау жастар театры сахналады.
Қойылым - қазіргі таңда ең бір өзекті мәселеге айналған діни адасушылықты сөз етеді. Теріс ағымдарға ілесіп, отбасылық және ұлттық құндылықтарды тәрк етіп, қоғамнан аулақтағандардың тірлігі көз алдыңа келеді. Бүгінгі таңда еліміздегі діни адасқандардың алды шетелдердегі қақтығыстарға аттанып, бірқатары сотталып та жатыр. Міне, театр әртістері осы шынайы өмірді суреттеп, мұндай жат қылықтардан елді, әсіресе, жастарды сақтандырады.
Жарық дүниеде ештеңе орнын толтыра алмас бір нәрсе бар, ол ата-ананың аялы алақаны, жылы жүрегі. Ата-ананың қадірін ұғындыратын қойылым көрерменге әсер етіп қана қоймай, көзге еріксіз жас үйірілді. Осы ретте, аталмыш театр директор Әміржан Нұрланұлы:
-
«Атырау жастар» театры өз алдына мәртебе алып, алғашқы іссапарын Қызылқоға ауданынан бастау алып жатыр. Бүгінгі күннің өзекті тақырыбын көрерменге жеткізу әртіс үшін үлкен мәртебе. Өйткені, театр - тәрбие мен тағылым ордасы, - деді.
Қойылым соңында, көрермен естелік суретке түсіп, ризашылықтарын білдірді.
Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА