Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сай, əр өңірде игі істер қолға алынып жатқандығы белгілі.
Ондағы негізгі мақсат - өңірлердің əлеуметтік-экономикалық əлеуетінің дамуы үшін жағдай жасау. Осы орайда, кеше ҚР Тəуелсіздігі күні қарсаңында, Сағыз ауылында 50 келушіге арналған жанұялық амбулатория ғимараты ашылды.
Оған аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев қатысып, тұрғындарды Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңындағы жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, жаңа дәрігерлік мекеменің ұжымына адамдар денсаулығын сақтау жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.
Сондай-ақ, дəрігерлік амбулаторияның іші толықтай қазіргі заман талабына сай құрылғылармен жабдықталған.
Айымгүл ЖАЛҒАСҚЫЗЫ
Суретті түсірген: Б.ОҚАС