Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

РЕДАКЦИЯДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК БАСҚОСУ

Жетпіс жылдан астам тарихы бар аудандық «Қызылқоға» газетінің редакциясы өткен аптада жаңа ғимаратқа көшіп, газет ұжымы көптен күткен арманына қол жеткізген болатын. Соған сай, бүгін ауданға «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары Алтай Жаңбырбайұлы арнайы келіп, редакцияның жаңа ғимаратымен танысып, газет ардагерлерімен кездесті.

Басқосуда сөз алған ол: 

–  Аудандық «Қызылқоға» газеті өзіндік тарихы бар, оқырманы қалыптасқан облыстағы айтулы басылымдардың бірі. Дегенмен, редакция ұзақ жылдан бері ескі ғимаратта отырып, жұмыс жасауға мәжбүр болып жүргені жанымызға батып жүр еді. Бүгін сол олқылықтың орны толып, ұжым жаңа ғимаратқа көшті. Оның үстіне алда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні келе жатыр. Соған сай, алдыңғы буын ардагерлерді құттықтап кетейік деп арнайы ат басын бұрдық. Бұл ретте, газет ардагерлерінің де еңбегін айтпай кетуге болмайды. Компьютер жоқ, технология дамымаған заманда барлығын қолмен жасап, газеттің оқырманға уақытылы жету жолында ардагерлердің еңбегі ұшан-теңіз. Сондықтан олардың мерекелерімен құттықтаймын, - деп, бір топ ардагерге «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Нұрболат Елеусіновтің құттықтау хаты мен естелік және ақшалай сыйлық табыс етті. 

Салтанатты бас қосуда «Қызылқоғаның қара нары» атанып кеткен ардагер-журналист Жолдас Жанқуатов құрмет-қошеметке ризашылығын білдірсе, газеттің бас редакторы Бауыржан Сисенов әріптестерін келе жатқан мерекемен құттықтап, жаңа ғимаратқа көшуге жағдай жасаған «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшылығына ұжым атынан алғысын білдірді. Шара барысында өзге де ардагерлер сөз алып, артынан ерген кейінгі буынға «Қаламдарың мұқалмасын, жаңа ғимарат құтты болсын!» деген тілектерін айтып тарқасты. 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT