Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы облыс тұрғындары үшін қоғамдық қабылдау өткізді

«Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов «Nur Otan» партиясы облыстық филиалына жүгінген өңір тұрғындарын филиал төрағасы ретінде, жеке мәселелері бойынша қабылдады», - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Қабылданушылардан түскен өтініштер бойынша негізінен тұрғын үймен қамту, жұмысқа орналастыру, жол құрылысы, қоғамдық ұйымға орынжай бөлу сияқты мәселелер қозғалды. Тұрғындардың бірі, мүгедектер қоғамдық қорының төрағасы Р. Т. кеңсесін ғимаратпен қамтамасыз етуді, сондай-ақ салынып жатқан жер үйінің құрылысын толық аяқтауға көмек беруді сұрады. ⠀

Сондай-ақ, қала тұрғыны А. Ж. Талғайран ықшам ауданы тұрғындарының атынан мемлекеттiк бағдарлама арқылы салынған үйлердiң аулаішілік тас жолының салынуына, интернет желісін жүргізуге ықпал етуді өтінді. Көтерілген мәселелер бойынша тиісінше жауап берді. Яғни, мүгедектер қоғамына Геолог мөлтек ауданынан кеңсе қарастыруға мүмкіндік бар екендігін, ал талғайрандықтар үшін инфрақұрылым биылғы жыл аяғына дейін шешілетіні айтылды. Сонымен қатар, облыс әкімі басқа да аз қамтылған отбасы, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен бизнес өкілдерін қабылдады. ⠀

Қоғамдық қабылдау соңында өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов тиісті сала басшыларына азаматтардан түскен сауалдарды мүмкіндігінше шұғыл, әрі заң шеңберінде шешіп отыруға және қатаң бақылауға алуды тапсырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT