Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы саяси кеңесінің бюро мәжілісі өтті

«Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы саяси кеңесінің бюро мәжілісі болып өтті»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Филиалдың саяси кеңесінің мәжілісіне бюро мүшелерінің барлығы түгел қатысты. Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық ХХХІІІ есеп беру-сайлау конференциясын шақыру және Сайлауалды бағдарламаның бағыттары бойынша аймақтық қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдарын бекіту туралы мәселелер қаралды. Облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Махамбет Досмұхамбетов партия филиалдары сайланбалы органдарының және бастауыш партия ұйымдары бюроларының, төрағаларының, өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты, биыл есеп беру-сайлау науқанын өткізу қажеттігін айтты.

«Партия Лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүйелі мониторингті ұйымдастыру үшін елімізде 217 "Жол картасы" бекітілді және 14 республикалық қоғамдық кеңес құрылды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында партияның қоғамдық кеңестерінің жұмысы жүйелі түрде қайта құрылымданды. Атырау облысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасы» әзірленіп, әрбір бағыт бойынша нысаналы индикаторлар мен мерзімдер қойылып, жауапты орындаушылар белгіленді»,- деді Махамбет Досмұхамбетов.

Сонымен қатар, филиал төрағасы кеңестердің жұмысы - қоғамдық пікірді ескеріп, бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуына мониторинг жасауды қамтамасыз ету, партияның сайлауалды бағдарламалары мен «Жол карталарын» іске асыруды қоғамдық-саяси бақылау екендігін атап өтті. «Nur Otan» партиясының Орталық аппараты өңірлерде құрылатын қоғамдық кеңестер бойынша талдау жүргізген. Талдау қорытындысы бойынша анықталған міндеттерді ескере отырып, аймақтық деңгейде 12 кеңес құру туралы шешім қабылданған. Сондай-ақ, өңір басшысы елдегі эпидемиологиялық жағдайға орай, іс-шараларды өткізу форматын жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісуді тапсырды. Айта кету керек, «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық ХХХІІІ есеп беру-сайлау конференциясын осы жылдың 14 мамырына шақыру жөнінде қаулы қабылданды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT