Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

НАҚТЫ АҚПАРАТҚА СЕНЕЙІК!

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Қанат Әзмұханов мекеме басшылары, мәлихат хатшы, депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері, еріктілермен көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жиналыс өткізді.

Онда алдымен сөз алған аудан әкімі Қанат Әзмұханов:

- Ойыл өзеніне көп су келе жатқандығы баршаға мәлім. Біздің мақсат – көктемгі су тасқынының алдын алу. Ең басты айтатынымыз біздің ауданда дайындық та, алдыңғы жылдан жиналған тәжірибеміз де бар. Рас, халықтың арасында үрей де, қауіп те жоқ емес. Ол дұрыс болар. Бірақ, алып-қашпа әңгімеге ермеу керек. Тұрғындарға нақты ақпарат беруіміз қажет. Әр округте қандай техника бар екендігін нақтылағанымыз жөн. Кеше келіп кеткен облыс әкімі тапсырғандай, қазір мекемелерді кезекшілікке бөлу бекітіліп, әр мекеме бөліп берген жерін қадағалап, бөгет салу керек болса, сол тұрғыда жұмыс жасап, судан кетпеу жағын ойластырып отыруға міндетті. Құдай бетін әрмен қылсын, олқылық қай жерден кетті, сол мекеме басшылары жауап береді. Сондықтан, барлық мекеме басшылары қызметкерлерін көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында, жұмыстан босатып, қатаң бақылауға алған дұрыс. Ең бастысы – халықтың арасында үрей туғызбайық. Бізде қазіргі жүргізіліп жатқан жұмыстардың барлығы көктемгі тасқын судың алдын алу бағытында жасалып жатқан дайындықтар. Дайындықты пысықтау деп ұғынған абзал. Бірлігіміз жарасса қауіптің аламыз деп есептеймін. Қауіпті елді мекендерге техника жіберуді ұйымдастырып, өткеннен сабақ алу керекпіз. Қазір «Салынып жатқан айналма жол судың қалыпты ағуына кедергі болады» деген тұрғындар арасында қате пікір бар. Айналма жолдың салынуы судың қалыпты ағуына кедергі болмайды. Біз басқа округтердегі қатынасты үзбеу үшін тиісті мамандармен келісе отырып, осындай қадамға барып отырмыз. Егер су қатты келген жағдайда, салынып жатқан айналма жолды бұзып жіберу қиын емес. Бұл үшін мемлекет тарапынан арнайы қаржы бөлініп, шығын шығып жатқан жоқ. Осыны барлығыңыз қарапайым халыққа түсіндірулеріңізді сұраймын. Әрдайым, ақыл-кеңестеріңіз болса, тыңдауға әзірміз. Барлығы мамандармен ақылдасу арқылы жасалып отыр. Бөгет соғу жұмыстарын күшейтуге тиіспіз. Барлығын ұйымшылдықпен, ауызбіршілік танытып жеңіп шығуға мүмкіндік мол. Баршаңызды жұдырықтай жұмылуға шақырамын, - деді.

Жиын барысында сөз алған қоғамдық кеңес мүшелері мекемелердің көктемгі тасқын судың алдын алу мақсатында жауапкершілікті арттырып, бөгет соғуға белсене атсалысу керектігін тілге тиек етті. Аудан басшысы тиісті орынбасарларына мекемелердің атқаратын жұмыстарын нақтылап, кәсіпкерлермен меморандумға отыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Сатыбалды САҒЫМПАЗОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT