Бүгінде, аудан тұрғындарының арасында өрт сөндіру депосын салу туралы мәселе көптен көтеріліп келе жатқан мәселелердің бірі еді. Осыған орай, қолға алынған Миялы ауылындағы 2 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысы былтырғы жылдың шілде айында басталды.
Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дулат Нығметовтің айтуынша, биылғы жылдың мамыр айында құрылыс жұмыстары аяқталады.Жалпы аумағы 1,0 гектар. Қазіргі таңда, 10 адам жұмыс жасауда. Жоба құны 525,8 миллион теңге. Мердігер мекеме – «СұңқарҚұрылыс ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Тапсырыс беруші – Атырау облыстық құрылыс басқармасы. Қазіргі кезде котлаван қазылып, сыртқы электр желісі жүргізілді. Аумағы уақытша қоршалды.
Сатыбалды САҒЫМПАЗОВ