Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Үміткерлер сағыздық сайлаушылармен кездесті

Бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Альберт Аққайнанов, Сәндігүл Дәуленова, Беркін Сұлтанов, Ақбөпе Қарабалина, Мейрамгүл Аяғанова, Айдана Жетібаевалар Сағыз ауылдық округі кітапханасында тұрғындармен кездесіп, пікір алмасты.

Онда алдымен сөз алған «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Альберт Аққайнанов партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ауданның даму перспективалары туралы айтып өтті.

Сондай-ақ, кездесуде сөз сөйлеген аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Сәндігүл Дәуленова, Ақбөпе Қарабалина және басқалары алдағы сайлаудың маңыздылығын атап өтіп, «Nur Otan» партиясына бір кісідей дауыс беруге шақырды.

Ауыл тұрғыны Ахат Өскінбаев ауылдағы кейбір түйткілді мәселелер туралы пікірін білдіріп, ел болашағына бейжай қарамайтынын жеткізді.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Қызылқоға ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленеді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521