Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мерекелік кітап көрмесі

Ұлыстың Ұлы күнінде аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ұлттық дәстүр - ұрпаққа өнеге» атты кітап көрмесі өтті.

Онлайн форматта әлеуметтік желі арқылы оқырман назарына ұсынылған көрме үш бөлімнен тұрды.

Алғашқы бөлім «Халық дәстүрі – асыл қазына» аталып, онда салт-дәстүрге байланысты кітаптар қойылса, «Берекенің бастау – Әз-наурыз» бөлімінде Наурыз мерекесінің тарихы, тойлану ерекшеліктері туралы жазылған тарихшы, жазушылардың еңбектері таныстырылды.

Ал «Аталар сөзі – ақылдың көзі» бөлімінде нақыл сөз, өсиеттер жайында жазылған кітаптарға кеңінен орын берілді.

Көрмеге қойылған кітаптарға кітапханашы Ризагүл Оңайбайқызы шолу жасады.

Гүлмира МАҚСОТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT