Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Мерейлі отбасылар» ұлықталды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2013 жылы ел бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы жарияланып, аталмыш байқау содан бері жыл сайын барлық өңірде тұрақты өтіп келеді.

Соған сай, жақында «Ақнұр» мейрамханасында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңі болып өтті. Аудан әкімдігінің қолдауымен аудандық ішкі саясат бөлімі және «Қызылқоға» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өткен байқауға ауылдық округтерден он екі отбасы қатысты. Аталмыш байқауды ашқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Жәнібек Тұрдағалиев барлық қатысушыларды құттықтап, мұқырлық Ақниет Сахиевтың жанұясын «Шаттығы мол отбасы», сағыздық Бектұрлы Төрәлінің жанұясын «Өнегелі отбасы», жангелдиндік Әби Еңсегенннің жанұясын «Шырайлы шаңырақ» номинацияларымен марапаттады. Содан кейін сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали миялылық Айжан Елубаеваның жанұясын «Ұлағатты отбасы», ойылдық Тайлыбек Талпановтың жанұясын «Өнерлі отбасы», қарабаулық Қаби Ізғалидың жанұясын «Тәлімді отбасы» аталымдарымен марапаттады.

Сонымен қатар, аталмыш байқауда Тасшағыл ауылынан қатысқан Жарылғаған Ермектовтің жанұясы «Берекелі отбасы», көздіғаралық Еламан Ізмұхановтың жанұясы «Талантты жанұя», ойылдық Аманбай Қазиевтің жанұясы «Жарасымды жанұя», Жамбыл ауылдық округінен қатысқан Саламат Таяшовтың шаңырағы «Үлгілі отбасы», Нұрхан Имашевтың отбасы «Мерекелі шаңырақ» номинациялары бойынша марапатталса, байқаудың ең жас қатысушылары тайсойғандық Төреш Қозыбақовтың жанұясы «Салауатты отбасы» атағын иеленді. Ұлттық конкурстың аудандық кезеңі одан әрі әнмен, бимен жалғасын тапты.

Дулат МӘТЖАН.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT