Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мемлекеттік рəміздер - егемендігіміздің берік негізі

Құрметті қызылқоғалықтар! Баршаңызды еліміздің еңселі мерекесі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздігіміздің елең-алаң шағында, яғни 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері туралы Заң қабылданып, бекітілді. Бұл күн ел тарихында мәңгілік жазылып қалды. Мемлекеттік рәміздер – кез-келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін мызғымас негіздерінің бірі.

Кезінде Елбасы бұл тұрғыда, «Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттың санасын, қаһармандығы мен даналығын, болшаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер» деп, атап көрсетті.

Ендеше, азат елдің бірден-бір нышаны болып саналатын рәміздерімізді құрметтеп, қастерлеу – баршамыздың қасиетті парызымыз. Рәміздердегі нышандар арқылы қазақстандық қоғамның әлем алдындағы абырой, бейнесі қалыптасады.

Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған тұғырлы Туымыз, айшықты Елтаңбамыз бен әсем Әнұранымыз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді мәңгілік демей бермек. Тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы желбіреп, мәртебесі одан әрі арта берсін! Еліміз қуатты, жұртымыз бақытты, аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын.

Қызылқоға ауданының әкімі

Н.Бисембиев

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT