Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Балаларға қуаныш сыйлады

Сейсенбі күні 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, "Нұр-Шуақ" балабақшасында «Балалардың күлкісі – көркі, сәні әлемнің» атты балаларға арналған шара болып өтті.

Бұл ретте, балабақша ұжымы таңертеңгілік балаларды қабылдауды ерекше сезіммен, көтеріңкі көңіл күймен бастады. Айталық, тәрбиешілер мен мамандар киіп шыққан әртүрлі аңдар мен жануарлардың бейнесі балаларға ерекше көңіл күй сыйлады. Ал, шынайы шеберлікпен сомдаған "Заманауи қуыршақ театры" мен "Қазақи қуыршақ театры" қойылымдары және "Анама сыйлық" ертегісі бүлдіршіндерді ерекше әсерге бөледі.

Осындай тамаша көңіл күйге бөленген бүлдіршіндер би билеп, фотога түсіп, әртүрлі ойындар ойнады. Оның ішінде, "Нұр-бөбек" тобының бүлдіршіндері де қоян киімін киіп, өз өнерлерін көрсетті. Балалардың шынайы күлкісін көрген ата-аналар балабақша ұжымына, тәрбиешілерге алғысын білдірді.

Сатыбалды САҒЫМПАЗОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT