Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Мектеппен қоштасу қалтаға салмақ салмауы керек»

Соңғы қоңырауды кең көлемде атап өтудің қажеті жоқ. Аймақтағы білім беру саласы басшыларымен өткен жиналыста Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев осындай ой айтты.

– Жақында кезекті оқу жылы аяқталады. Әр жыл сайын соңғы қоңырау салтанатын ұйымдастыру тақырыбы көтеріледі. Әрине, кез келген ата-ана, оқушылар да бұл мерекелі күнді жоғары деңгейде өткізгісі келетінін түсінеміз. Тіпті кейбір ата-аналар осы шараларды өткізуге несие алады екен, – деді Нұрлан Ноғаев.

– Соңғы қоңырауды атап өтуге керек қажеттіліктерді сатып алуға, мейрамханаларда тойлауға қанша қаражат шығындалады? Облыс әкімінің пікірінше, салтанатты шараны қарапайым түрде өткізуге де болады. Одан еш нәрсе маңызын жоймайды. Ата-аналарына өкпелеп жататын кейбір балаларға осыны дұрыстап түсіндіру керек. – Мұғалімдерге сыйлық сатып алудың қажеттілігі жоқ. Қайта мұғалімдер мен мектеп басшылары оқушылармен, ата-аналармен әңгімелесулері тиіс, – деп есептейді аймақ басшысы.

– Әрине, бұл дәстүр бұрыннан бар, бірақ барлық отбасының әлеуметтік жағдайы бірдей емес. Біз мектеппен қоштасу – өмір жолының бастауы екенін түсіндіруіміз керек. Алда мектеп түлектерін аз қиындық күтіп тұрған жоқ. Міне, осы жайлы ойланған жөн. Алдымен балаларымыздың қауіпсіздігіне мән берейік. Облыс әкімі білім беру саласы басшыларына оқу бөлмелерінің жөндеуіне ақша жинауға қатысты жауапкершілік алатындарын ескертті. Жергілікті бюджетте бұл мақсатқа қаралған қаражат жеткілікті. – Жыл сайын мектептердің ағымдағы жөндеуіне қаржы бөлеміз, өткен жылы осы мақсатқа 116 миллион теңге бөлінді. Биыл 135 миллион теңге.

Қаражат әр оқу орнына жеке жіберіледі. Осы жеткілікті, ата-аналардан ақша жинауға қажеттілік жоқ, – деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.– Мектеп директорлары мен білім беру саласының жауапты тұлғалары заңсыз ақша жинағаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Жиналыста биыл облыстағы үздік мектеп түлектеріне ресми құрмет көрсету салтанаты 15 маусым күні облыстық әкімдік ғимаратының алдында болатыны нақтыланды.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT