Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Махамбет Досмұхамбетов Ұлы Отан соғысы ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Ұлы Жеңіске 76 жыл толуына орай, облыс əкімі Махамбет Досмұхамбетов атыраулық соғыс ардагерлерінің шаңырағында болып, мерекемен құттықтады.

Аймақ басшысы алдымен ең қарт майдангер, биылғы күзде 100 жасқа толғалы отырған абыз ақсақал Айдын Айбаровтың үйінде болды.

Айдын Аққалиұлы 1921 жылдың қазан айында осы өңірде өмірге келді. 1942 жылы əскер қатарына шақырылғасын əуелі Ақтөбе қаласындағы ұшқыштар мектебін, кейіннен Орынбор, Пермь қалаларындағы ұшқыштар училищесін бітіреді. Белоруссияның Пружаны қаласын азат ету операциясына қатысады. Басқа да бірннше шайқаста жаудың күшін əуеден бақылап, оны кері қайтаруға, тегеуріні мықты басқыншылардың бетін тойтаруға атсалысады. Осы сəттерде қыран бүркіттей қырағылығымен, қайталанбас ерлігімен көзге түседі. Ұлы Жеңіс таңы атып, елге аман-есен оралысымен еңбекке араласып, партия-кеңес органдарында, ірі кəсіпорындарда абыройлы қызмет атқарды. Гурьев қалалық партия комитетінің екінші хатшысы болды. Майдандағы ерлігі мен еңбектегі жетістіктері үшін алған марапаттары да аз емес.

2

«Мен үшін марапаттың ең үлкені халықтың алғысы, елдің ризашылығы. Қандай лауазымды қызметтерде жүрсем де, түрлі мəселемен алдыма келген азаматтардың өтініштеріне құлақ асып, қолымнан келгенінше орындауға, адамдарға жақсылық жасауға, кішіпейіл, қашан да өз өзіме сенімді болуға тырыстым. Өйткені, алдымдағы ағалар мені солай үйретті» деді Айдын Айбаров. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ардагерлер алдындағы перзенттік парыз өтелмейтінін айтты. «Жетпіс жылдан астам уақыттан бері ешқандай соғыссыз, қантөгіссіз, ашық аспан астында, бейбіт өмір сүруіміз майдангер ата-ағаларымыздың қайтпас қайсарлығының, өшпес ерлігінің, өжеттігі мен өрлігінің арқасы. Сол жолда талай боздақтарымыз майдан даласынан оралмады. Ал хабарсыз кеткендері қаншама? Біз майдангерлер алдында мəңгілік қарыздармыз» деді облыс əкімі Махамбет Жолдасқалиұлы.

Бұл күні дəл осындай құрмет соғыс жəне еңбек ардагері Закария Сұлтанов пен сұрапыл соғыс жылдарында концлагерьде тұтқында болып, азапты ғұмыр кешкен Екатерина Абсатыроваға көрсетілді. Жеңіс күнін жақындатқан қарт майдангер Закария Сұлтанов ұзақ жылдар əскери комиссариатта, ішкі істер органдарында қызмет істеді. Екатерина Серафимовна болса, бала кезінен неміс фашист басқыншыларының тұтқынында болып, ересектермен бірге концентрациялық лагерьде азапқа толы күн кешкен. Ардагерлер өздеріне көрсетілген құрметке алғыс-баталарын жаудырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT