Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Аймақ басшысы жоғары мемлекеттік марапат алғандарды құттықтады

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Отан қорғаушылар мерекесінде мемлекеттік жоғары марапат алған әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары  қызметкерлерін құттықтады»,-деп хабарлайды Атырау облысының  коммуникациялар қызметі.

 

Бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Мемлекет басшысының Жарлығымен генерал-майор әскери атағын алған «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Нұрлан Алдияровты қабылдады.

Қабылдау барысында аймақ басшысы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысы экономикалық тергеу департаментінің басшысы Қайрат Бижанов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Қанат Сүлейменовтің де Президент Жарлығымен II дәрежелі «Айбын» орденін өңірлеріне таққанын  атап өтті.

  Марапат иелерін жоғары мемлекеттік награда алуымен  құттықтаған Махамбет Досмұхамбетов "бұл Отан алдындағы абыройлы қызметтеріңізге берілген ең жоғары баға. Сіздердің елге деген еселі еңбектеріңіз бен мінсіз кәсіби шеберліктеріңіз жастарға әрдайым өнеге болады. Абыройлы қызметтеріңіз жалғасын тапсын»,- деп лебізін білдірді.

Аймақ басшысы  Тәуелсіздік жылдары Елбасының саясатымен Қазақстан қуатты Қорғаныс күштерін қалыптастырғанын, оның әлеуетін заманға сай арттыру үшін тұрақты қолдау жасалып келе жатқанына тоқталды.

"Бүгінде күштік құрылымдар ұлттық қауіпсіздігіміз бен Тәуелсіздігіміздің мығым қорғанына айналды" деген аймақ басшысы Президент тапсырмасы бойынша құқық қорғау саласында басталған реформалардың қоғамдағы құқықтық тәртіпті жаңа деңгейге көтеруге ықпал ететінін де атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT