Ауданда “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында тұрғын үйлер мен аулалардың санитарлық жағдайы, көріктендірілуі мен тазалығы бағаланып, үздіктер марапатталуда.
Аталған акция шеңберінде жарияланған “Үздік подъезд” номинациясы бойынша Мақат кенті, Бейбітшілік көшесі, №11 үй, 5-подъездің тұрғыны Оңғарбаев Жылқышы жеңімпаз атанды.
Жылқышы Оңғарбаев подъезді таза әрі ұқыпты ұстаумен қатар, көріктендіру, гүл отырғызу, қабырға безендіру сияқты жұмыстарды өз бастамасымен жүзеге асырып, тұрғындарға үлгі бола білді.
Бұл бастама – аудан тұрғындары арасында тазалық пен тәртіп мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі