Бүгін Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай А. Сарбөпе атындағы саябақта орналасқан “Белгісіз солдат” ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі болып өтті.
Шараға аудан басшылары, ардагерлер, депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері мен ауыл тұрғындары қатысты. Онда алдымен “Бәйтерек” мешітінің бас имамы Мұрат Сұлтанов қан майданда от кешкен аталар рухына арнап құран бағыштаса, аудан әкімі Қанат Әзмұханов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағидолла Яқып аудан халқын Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.
Бұдан соң аудан әкімдігі бастаған барлық мекеме, құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйым өкілдері “Белгісіз солдат” және “Даңқ” орденінің толық иегері Ш.Еркіновтің ескерткішіне гүл шоғын қойып, елін жаудан қорғаған майдангерлер рухына тағзым етті.
Дулат БЕРІК