Атырауда әскери шеру мен «Батырларға тағзым» шеруі тоқтатылды.
Биыл әскери шеру өтпейтіндіктен, баршаға ыңғайлы болу үшін «Батырларға тағзым» акциясы онлайн режимінде ұйымдастырылмақ. Дегенмен, облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 9 мамырда Жеңіс саябағында Мәңгілік алау мемориалына гүл қою рәсімі өтеді.
Еске салайық, ҚР Қорғаныс министрлігі биылғы 7 және 9 мамырда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге арналған әскери парадтарды өткізуден бас тарту туралы шешім қабылдағанын хабарлаған болатын. Мұндай шешім бюджет қаражатын үнемдеу және басқа да мәселелерді шешу қажеттілігінен туындады. Айтпақшы, 7 және 9 мамырда өткен әскери шерулер елде соңғы екі жылда пандемияға байланысты өткізілмеген болатын.
2014 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай Tengrinews.kz «Жеңімпаздар» жобасын іске қосты. Оған Қазақстанның әрбір азаматы қатыса алады.
Биыл «Батырларға тағзым» акциясы онлайн форматта өтеді
Атырау облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының мәліметінше, «Жаужүрек полк» акциясы «Ер есімі – ел есінде» атауымен онлайн форматта өтеді. Акция «Tengrinews» сайтындағы «Жеңімпаздар/победители» онлайн платформасында ұйымдастырылады. Шараға қатысушылар 87009051945 whatsApp нөміріне майданда қаза болған аталары туралы мәліметті жіберуге мүміндік бар. Ал, қазақстандықтар https://tengrinews.kz/pobediteli/ сайтына кіру арқылы сауалнама толтырып, соғыста қаза болған батырлар мен ардагерлер туралы ақпаратпен таныса алады.