Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МҰНАЙШЫЛАР ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

«ЕмбіМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбековтің бастамасымен ембілік мұнайшылар қайырымдылық мақсатта өз еңбекақыларынан ерікті түрде қаржы жинап, аудандағы денсаулығына байланысты үйден оқитын балаларға жаңа жылдық сыйлық жасады.

Осы сыйлықтарды арнайы әкеліп, тапсырған аталмыш басқарманың өкілі Мәлік Дәулетияров:

– Ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан мұнайшылар әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға да қайырымдылық жасауды назардан тыс қалдырмай келеді. Соның бір айғағыдай бүгін мүмкіндігі шектеулі 28 балаға сыйлық табыс етіп отырмыз. Оларға тәттілермен қатар қабілеттеріне қарай музыкалық аспаптар, сурет салатын құрал-жабдықтар және тағы басқа да түрлі сыйлықтар бар. Мұнайшылар әр уақытта өскелең ұрпаққа қамқорлығын көрсетіп, осындай игі шараны жалғастыра береді, - деді.

Сөйтіп, мұнайшы аға-апаларының сыйлығына ие болған балалар тосын сыйлыққа мәз-мейрам болып, жүздеріне күлкі үйірілді. Халқымыз әуел бастан «Берсең балаға бар» деген емес пе?! Әрдайым, балаларды қуантқанға не жетсін?!

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT