«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші Мұқыр ауылдық округінде бір отбасы баспаналы болды. Бұл іске мұрындық болған «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының басшысы Қайнар Қоданов пен «Қайнармұнайгаз» бастауыш партия ұйымының төрағасы Дәрмен Тілеубергенұлының қолдауымен басталған игі іске барша мұнайшылар ат салысып Кенбай ауылының тұрғыны, аз қамтылған отбасы Мақсот Байбосыновтың отбасына 3 бөлмелі баспана кілтін табыс етті. Қайырымдылық шарада «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының басшысы Қайнар Қоданов лентасын қиып, баспана иелерін қуанышымен құттықтаса, Мұқыр ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушы Райхан Нұрлыбаева барша мұнайшыларға алғысын білдірді.
Баспана сыйлаған мұнайшыларға баспана иесі шексіз алғысын жаудырып, қуаныштарын жасыра алмады.
Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА
МҰНАЙШЫЛАР БАСПАНА СЫЙЛАДЫ
- Информация о материале
- Аудан тынысы
- : 1257