Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНДЕ – ЖАҢА БАСШЫ

Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық бөлім, мекеме басшыларының қатысуымен аудан әкімі Қанат Әзмұханов биылғы жылдың 21 қазандағы №257 өкімімен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына Асқар Ақтаевты тағайындады.


Асқар Жаңбырбайұлы 1978 жылы 27 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2012 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша аяқтап, еңбек жолын Х.Досмұхамедов атындағы орта мектепте мұғалім болып бастады. Бұдан кейін әр жылдары Миялы ауылдық округі әкімі аппаратында жастар істері жөніндегі маман, маман, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінде бас маман, әдіскер, бас маман, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымында болса, 2020 жылдың қазан айынан қазіргі уақытқа дейін аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521