Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

КӨШПЕЛІ КӨРМЕ АУДАНДА

Археологиялық құндылықтарды насихаттау мақсатында сейсенбі күні аудандық музейде облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Ұла Дала жауһарлары» атты көшпелі көрмесі өтуде.

Бұл көрме алдағы уақытта барлық ауданда өтпек. Алдымен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сәндібек Салықов сөз алып, облыстық тарихи өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Ерлан Қоныскерейұлына аудан әкімі атынан Алғыс табыс етті. Өз кезегінде сөз алған облыстық тарихи өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Ерлан Тілекқабылов:

– Сақ-сармат дәуірінің көрнекті ескерткіштерінің бірі – Миялы қорғандар тобы. Ол Миялы ауылынан солтүстікке қарай үш шақырым жерде Жангелдин ауылынан оңтүстік шығысқа қарай төрт шақырым жерде орналасқан. Жангелдин ортасындағы қорғандардан табылған біздің заманымыздан бұрыңғы сарматтар дәуірі мен Х-ХІ ғасырда өмір сүрген 2020 жылы Миялы қорғандар тобынан табылған күміс әшекейлі әйел адам реконстукциясы, Сармат әйелі және қалпына келтірілген киімі мен қару жарақтарының реконстукциясы, құйма қола қазан, қола жебе, алтын жапсырмалар тәрізді археологиялық жәдігерлерді таныстыру мақсатында көшпелі көрме ұйымдастырған болатынбыз. Құнды жәдігерлер Миялы аулынан қорғанынан табылып, анықталғасын көрмені Қызылқоға ауданынан бастағанды жөн көрдік. Көрмеге келіп, құнды жәдігерлермен 8-11 қазан аралығында аудандық музейден тамашалауларыңызға болады, – деді.

Аталмыш көрмеге келген ауыл ақсақалдары ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтса, «Арман» мәдениет үйінің әншісі Арайлым Рамазанқызы «Жақсы адамдарым» әнін тарту етті. Көрменің танымдық маңыздылығы зор. Әр туынды көздің жауын алып, өзіне еліктіріп тұр.

Кәмшат ӘБІШ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT