Атырау облыстық әкімдігі мен Халыққа қызмет көрсету орталығы былтырғы жылы халыққа 2,7 миллион мемлекеттік қызмет көрсетті.
Бұл тізімге халыққа қызмет көрсету орталықтарының, Атырау облысы әкімдігі құрылымдық бөлімшелерінің, сонымен қатар әлеуметтік желі, мессенджерлер, мобильді қосымшалар арқылы көрсетілген қызметтер енгендігін Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2016 жылы облыста қалалық коммуналдық қызметтердің жұмыстарын оңтайландыру бағытында шаралар басталды. Тұрғындар тарапынан олардың жұмыстарына, кері байланыстың жоқтығына, сұранымдар мен шағым-дарға жай әрекет етулеріне қатысты наразылықтар болды. WhatsApp қосымшасы арқылы барлық негізгі коммуналдық қызметтерге жедел желі аштық, ол жұмыстың жеделдігін, тиімділігін жоғарылатты.
Сонымен қатар, «Цифрлық Қазақ-стан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, мемлекеттік қызмет көрсету құралдарының қатарын кеңейту үшін жергілікті атқарушы органдармен Telegram қосымшасында «Атырау областық әкімдігі» чат-каналы, «Атырау Цифрлық Қабылдау» мобильді қосымшасы ашылды.
– Чат-канал мен мобильді қосымшалар арқылы көрсетілетін қызметтер жергілікті атқарушы органдарға елді мекендердегі проблемалық жайттарды анықтауға септігін тигізеді. Жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсартуға, халықпен ашық диалог орнатуға ықпал етеді. Оларды ашудағы мақсат- жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетуін, жауап беруін қолжетімді қылу, –дейді Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов.
Қазір мемлекеттік қызмет көрсетуге қол жеткізу процесін оңайлататын тағы бірнеше онлайн-құралдар жасалып жатыр. Жергілікті атқарушы органдармен 600-ден астам қызмет көрсетіледі, барлық тізім кезең-кезеңмен автоматтандырылады. Оң өзгерістер алдымен сәулет және қала құрылысы, ТКШ, жер қатынастары, құрылыс салаларында болады.
Ал, Telegram қосымшасындағы «Атырау облысы әкімдігі» чат-каналы ашылғалы бері (2017 жылдың қыркүйегінде) 2200-ден астам өтінім қаралды. «Атырау Цифрлық Қабылдау» мобильді қосымшасында былтырғы жылдың қаңтарынан бері – 1087 өтінім. Чат-канал мен мобильді қосымшаны 7 мыңнан астам, пайдаланады. Атырау облысындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарымен былтырғы жылы 1 176 412 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, биылғы жылдың басынан бері 648 915 қызмет көрсетілген. Сондай-ақ, Атырау облысы әкімі аппараты мен әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерімен былтырғы жылы 1 531 984 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, биылғы жылдың басынан бері - 611 095 қызмет.
Өз тілшіміз.