Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Үкіметтік емес ұйымдары – Қызылқоғада

Ауданда «Атырау облысындағы азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында іс-тәжірибе алмасу кездесуі өтті. Мақсат - түрлі саладағы үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) басын қосып, жас және кәсіби үкіметтік емес ұйымдарды қолдау, тәжірибе алмасып, азаматтық сектор – бизнес құрылым өкілдері – мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту, әріптестік орнату.

Кездесуді аудан әкімі Қанат Әзмұханов ашып беріп, ауданға келген қонақтарға қош келдіңіз айтса, "Азаматтық орталық" басшысы Жанат Закиқызы «Атырау облысы бойынша 2022 жылда ҮЕҰ-мен атқарылған жұмыстар», "Атырау.Маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерлан Асылбайұлы «ҮЕҰ-дың қоғамдағы рөлі және мемлекетпен байланысы» тақырыптарында әңгіме өрбітті. Одан соң, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Мақат» корпоративтік қорының төрайымы Ещанова Тыныштық, «Аналар үндестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Биташева Гүлсім, "Мөлдіркөз" көзі көрмейтін мүгедектер қоғамдық бірлестігі төрағасы Гумаров Жолдас, «Қазақстанның кәсіпкер әйелдерінің одағы» қауымдастық нысанындағы Атырау облысы Шапағат үкіметтік емес ұйым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баямирова Айгүл, «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұржігітова Гүлбаршын, «Ақпарат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Елешова Гүлжан, «Өмір гүлі» мүмкіндігі шектеулі жандар шығармашылық орталығы» қоғамдық бірлестігің төрайымы Жақыпова Тыныш, «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының төрайымы Ермұханова Гүлбарам, «Ер жүректілер» қоғамдық қорының мүшесі Өтебалиева Гүлден, "Analarga komek qoldaw" қоғамдық бірлестігі төрайымы Көкенова Сандуғаш, «Қызыл Ай» қоғамы қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының төрайымы Құлжанова Асиялар сөз сөйлеп, үкіметтік емес ұйым ашудағы қызықты оқиғаларымен бөлісіп, бүгінгі жеткен жетістіктері туралы пікір алмасты.

f3f24ee0-6ff1-4228-98e7-47a1de7376f9

Шарада, азаматтық қоғамды қалыптастыруға белсенділік танытқан тұрғындар жеке сұрақтарын қойып, Үкіметтік емес ұйым ашу, қаржылық сауаттылығын арттыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыстар жүргізу, ұлттық спортты дамыту бағытында сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды. Үкіметтік емес ұйымдары осындай тамаша кездесу өткізуге мұрындық болған аудан әкіміне алғыс білдірді. Кездесу шарасынан кейін Отбасы күніне орай, "Отбасы - бақыт мекені" атты концерттік бағдарлама өткізіліп, аудан әкімі Қанат Әзмұханов ауданға келіп, тәжірибелерімен бөліскен Үкіметтік емес ұйым басшыларын Алғыс хатпен марапаттады.

 

Сатыбалды САҒЫМПАЗОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT