Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Гүлзада Ниетқалиева – “Алаш” әдеби сыйлығының иегері!

Бүгін Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, көрнекті ақын Гүлзада Ниетқалиева халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері атанды. Бұл марапатты Алматы қаласында “Әдебиетшілер үйінде” өткен дәстүрлі Әдеби жыл қорытындысында Қазақстан Республикасы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов арнайы табыстады. Бұл – қазақ әдебиеті үшін үлкен қуаныш, ұлт руханияты үшін зор мәртебе.

Гүлзада Ниетқалиева – нәзік лиризм мен терең философиялық ойды шебер ұштастыра білген бірегей талант иесі. Оның жырлары оқырманын ойға жетелейді, жүрекке әсер етіп, жан дүниеге рухани нәр береді. Ақынның бірқатар шығармасы шетел тілдеріне аударылып, әлемдік әдеби кеңістікте де өз бағасын алып келеді.

“Алаш” сыйлығы – ақынның ұзақ жылғы шығармашылық еңбегіне берілген әділ баға. Бұл марапат оның әдебиеттегі орнын одан әрі биіктетіп, жаңа белестерге жол ашары сөзсіз.
Гүлзада Рахметқызын осы үлкен жетістігімен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, сарқылмас шабыт пен жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!

Еркеназ ҚАЛИЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT