Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖУРНАЛИСТЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

 «Озат тәжірибе ортақ қазына». Бұл ежелден түлкібұлаңға салмайтын қағида. Осынау жақсы бастаманы татулық пен бірлікке үндейтін мереке қарсаңында Қызылқоға және Индер аудандарының журналистері іске асырды. Бұл ретте егіз қозыдай қос газет ұжымы сағына қауышты. Терең мазмұнды шара атақты Бөкен би атаның кесенесіне жақын жерде болды.

Турасын айтқанда,  тәжірбие алмасу Бөкен би көзі жұмылғанша аяқлау еткен өгіздің белгісі жанында өтті. Қаламгерлер жиналған басқосуда қос аудан газеттерінің бас редакторлары кезек-кезек сөйлеп ашты. Олар іргелес аудандардың қаламгерлерін бір-біріне етене таныстыру, оқырмандар санын көбейту, жарық көретін материалдардың сапасын жақсарту, проблемалық мәселелерді жүйелі түрде көтеру жөнінде кеңінен әңгіме қозғады. Жас журналистер алдында индерлік ардагер журналист Сүйеу Халықов және осы жолдардың авторы ұзақ жылғы тәжірибелерінен сыр шертті. Ардагер қаламгерлер әсіресе, оқырмандармен байланысты жетілдіру, қоғамдық пікірлерді жүйелі түрде жариялап тұру, әділ де өткір сындарды тасада қалдырмау жөнінде пікірлерін ұсынды.

  Кезекпен сөз алған екі ауданның баспасөз қызметкерлері жақсы шараның ұйымдастырылғанына ризашылықтарын білдірді. Сөйлегендердің барлығы да  жергілікті газеттердегі қиындықтарды ортаға салды. Шынында аудандық газеттердің жүгі ауыр. Сол ауыртпалықты жеңіп жүрген газетшілер алға қарай да өзара байланыстарын нығайтып  тұруға уағдаласты. Тартымды әңгіме барысында «Дендер» газетінің редакциясына сол ауданның атқарушы органы қызметтік көлік пен ғимарат тарту еткенін естігенде шексіз қуанғанымызды қайтерсің. Осы арада «Қызылқоға» газетінің редакциясы жайлы мекенге қоныс аударды ма?» деген сауал қойылды. Тұшымды жауап қайтару қиын болғанын жасырмағанымыз жөн.

 Оқырман газеттің басты тірегі. Газет әуелден төртінші билік саналады. Әлі де солай. Соның ішінде оқырмандарға ең жақыны аудандвқ газеттер. Екі ауданның жалындаған талантты журналистері тәжірибе алмасу соңында таралымды бәсеңдетпеуге уағдаласты. Мұның өзі олардың кәсіби мамандықтарына деген шынайы адалдықтарын, қандай кедергілер кездессе де жеңеміз деген  батыл құлшыныстарын байқатты.

 Жолдас ЖАНҚУАТ,

ардагер журналист

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT