Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЕРЕН ЕҢБЕККЕ - ЕЛЕУЛІ ҚҰРМЕТ

Сейсенбі күні аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Бақыт» мейрамханасында тасқын су кезінде ерен еңбек көрсеткен азаматтарды марапаттау шарасы болып өтті. Оған әр ауылдық  округтен тасқын суды ауыздықтауға қатысқан еріктілер, төтенше жағдайлар саласының мамандары, демеушілік жасаған кәсіпкерлер, өзге ауданнан көмекке келген азаматтар мен мәслихат депутаттары қатысты.

Шараны құттықтау тілекпен ашқан аудан әкімі Қанат Әзмұханов:

– Қазіргі сәттің баршамыз үшін мәні ерекше.  Шақыруымызды қабыл алып, келгендеріңіз үшін бек ризашылығымды білдіремін. Әрине, жыл басында ежелден өлкеміздің ырысы Ойыл өзені мұндай екпінмен күрт тасиды деп кім ойлаған?  Анығы сол, аудан табиғи апатпен бетпе-бет келген сын сағатта ешкім де сырт қалмады. Ауданымыздың жүздеген жанашыр азаматтары жан ұшыра қайрат қылды. Міне, солардың алғы сапында Сіздер болдыңыздар. Баршаңызға өзімнің және аудан жұртшылығы атынан шынайы алғысымды білдіремін. Осындай ауызбіршілігіміз қай істе де, қандайма сындарда да жалғасын таба берсін, - деді.

Содан соң Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов,  Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаева, мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов, облыс әкімі мен өз атынан бір топ еріктілер мен түрлі сала маманын Алғыс хатпен марапаттады.

Одан әрі құттықтау сөз сөйлеген аудандық мәслихат төрағасы Толқын Бейсқали бір топ тасқын суға тойтарыс берген азаматқа  облыстық, аудандық мәслихат төрағаларының, «Amanat» партиясы  аудандық филиалының атқарушы хатшысы Альберт Аққайнанов «Amanat» партиясының Атырау облыстық филиалы төрағасының, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бақытбек Төлегенов облыстық төтенше жағдайдар департаменті басшысының Алғыс хатын  табыс етті.

Бұдан соң, құттықтау сөз сөйлеген "Ақ жол" Халықтық-Демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Серік Ерубаев пен  "Ақ жол" Халықтық-Демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Ермекқали Юсупов, облыстық мәслихат депутаты Қайырбек Баймұратов,  Октябрь Нұрадинов, Самғат Қанат, Сейдолла Нұрмұханов, Қайрат Әбішов, Нұрбай Жұпарғалиев, Самғат Ермеков, Жүсіп Әбдіғали, Жандос Тілекбаев, Есенбай Нұров, Өтепберген Әділов, Бержан Қияқбай, Жеңіс Ақтілеуов, Ғиниятола Тұрғанов, Сәулеш Малхаровалардың кеудесіне «Ақжол» Халықтық-Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевтің атынан "Апатпен күрескені  үшін" медалін жарқырата  тағып, партия төрағасының ыстық сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

Шара барысында аудан өнерпаздары тамылжыта  ән шырқап, көпшіліктің көңілін көтеріп тастады.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT