Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Ерекше балаларға - ерекше құрмет

«Берсең балаға бер» демекші әр мерекеде балаларды қуантқанға не жетсін?!

Соған сай, 31 желтоқсан күні Атырау қаласынан облыс әкімінің аудандағы ерекше балаларға арналған жаңа жылдық сыйлығы келіп, оны Миялы ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Бисенбай Қазиев бастаған топ әр баланың үйіне арнайы барып, таратып шықты.

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Гүлмира Өтеуғалиеваның айтуынша, жаңа жылдық сыйлықтар бұрын тек мүмкіндігі шектеулі балалардың өздеріне берілсе, осы жаңа жылда ерекше балалармен бірге туған бауырларына да берілген. Сонда аудан бойынша 127 мүмкіндігі шектеулі бала мен олардың бауырларын қосқанда барлығы 300 балаға сыйлықтар таратылып, қуанышқа бөленді.

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT