Биыл Доссор кенті Ә.Мантаев көшесінен 140 адамға арналған екі қабатты дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады.
Мақсат – балалардың спортпен шұғылдануына және бос уақыттарын тиімді пайдалануына жағдай жасау. Аумағы 1274,1 м2 құрайтын спорт кешенінде жаттықтырушылар, дәрігерлер бөлмесі, күрес залы мен спорт зал, ерлер мен әйелдерге арналған киім ауыстру, жуыну бөлмесі қарастырылған.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, ғимарат аумағы тренажерлер, футбол алаңы, автотұрақ және жарық шамдарымен қамтамасыз етілетін болады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ