Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Дұрыс таңдалған сөмке деніміздің сау болуына кепіл

Әлбетте, мектеп сөмкесін баланың бойына және салмағына сәйкес таңдау арқаның сау болуы үшін маңызды. Және әрбір ата-ананың көкейінде жүрген сұрақтардың бірі болып табылады.

Бұл ретте, өлшемі, салмағы, анатомиялық түрі, конструкциясы, беріктігі, қолайлылығы, пайдаланылатын материалдардың сапасы және олардың қауіпсіздігі секілді бірнеше негізгі сәттерді ескеру қажет.

Жүктеме барлық иыққа біркелкі түсетін нұсқаларға артықшылық беру керек. Бұл бала денесінің симметриялық қалпын сақтауға және оның қолдарын босатуға көмектеседі. Осы ережелерді сақтау сколиоз, остеохондроз сияқты аурулар мен жарық ауруының пайда болуының алдын алу шарасы болады. Ал, таңдау кезінде арнайы қаңқасы бар ортопедиялық арқалығы бар сөмкені таңдап, салмақты және омыртқаға қысымды біркелкі бөлетін, баланың омыртқасын бұзбай, оның арқасын тік қалыпта ұстау үшін қатты болуы тиіс. Иық баулары баланың иығын ауыр салмақпен қиып кетпеуі үшін сипағанда жағымды, жалпақ материалдан жасалған, бала оны тек екі иық баумен асынып, баланың мойнына салмақ түспейтіндей болғаны жөн. Сөмкенің өлшемі мен салмағы баланың бойы мен жасына сәйкес келуі керек. Мектеп сөмкесінің ішіндегісінсіз салмағы 1 келіден аспай, мектеп сөмкесінің салмағы ішіндегісімен бірге дамуының физикалық көрсеткіштері нормаларға және олардың жасына сәйкес келетін, жалпы бала салмағының көп дегенде 10 пайызын құрауы керек. Мысалы, 1-3 сынып-1,5-2 келі, 4-5 сынып-2-2,5 келі, 6-7 сынып-3-3,5 келі, 8-11 сынып-4-4,5 келі болуы шарт. Сонымен қатар, сөмкенің ішіндегісі де маңызды болып табылады. Мәселен, сөмкенің ішіндегі оқулықтар 1-4 сынып оқушылары үшін 300 грамнан, 7-9 сынып оқушылары үшін 500 грамнан, 10-12 сынып үшін 600 грамнан аспауы тиіс. Балалар портфельдеріндегі артық салмақ проблемаларын шешу үшін 2017 жылдан бастап әр оқушыны оқулықтарды, ауыстыратын аяқ киімді және спорт керек-жарақтарын сақтауға арналған жеке шкафпен қамтамасыз ету бойынша жобаны іске асыру басталды. Бұл шаралар балалар арасында тірек-қозғалыс аппараты ауруларының алдын алу үшін қажет. Сонымен қатар, сөмке таңдағанда барынша қауіпсіз болып, баланың жолдағы қауіпсіздігі үшін қажетті жарық шағылыстыратын ендірмелер сияқты бөлшектерге назар аударуы керек. Егер ол болған жағдайда, жүргізушілер тәуліктің қараңғы кезеңінде немесе нашар жарықтандырылған жерлерде жолдан өткенде балаңызды жақсы көретін болады. Ендеше, балаларының денсаулығын сақтауды ойлаған әрбір ата-ана сөмке таңдағанда жоғарыдағыдай кеңестерді жадынан шығармаса, әр оқушы салауатты өмір салтын қалыптастыруға зор ықпал ететіндігін ұмытпағанымыз абзал.

Шолпан Асауова,

Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT