Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БАЛДЫРҒАНДАРДЫҢ ТАМАША ӨНЕРІ

Баршамызды тәтті қылығымен баурап алатын бүлдіршіндеріміздің мерекесіне орай, «Нұр-Шуақ» бөбекжай балабақшасында «Біз бақытты балдырған» атты мерекелік шара өтті. Әдемі әуен шырқалып, бүлдіршіндерге сыйлық таратылып, балабақшадағы барлық топ өз өнерлерін көрсетті.

Бұл ретте, «Күншуақ» тобы «Ақ қояндар»,  «Гүлдер» тобы «Сайқымазақтар», ерте жас «Айналайын» тобы «Көңілді күн», «Балапан» тобы  ұлттық билерден папури, «Нұрбөбек» тобының  бүлдіршіндері «Бақалар», «Балбөбек» тобы «Шөжелерім», «Құлыншақ» тобы «Буратино», «Ботақан» тобы «Аралар»,  «Көбелек» тобы «Әзіл биін», «Гүлдер» тобы «Конфетки», «Қарлығаш» тобы «Бала акула» билерімен ерекше әсер қалдырса, «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндері Айқаракөз Сырым, Дастан Рүстемұлы, Мансур Қоныстар «Қошақаным» әнін шырқады. Тамаша кешті қорытындылаған "Нұр шуақ" бөбекжай бала бақшасының Бақытжамал Жұмабаева:

- Бала – болашағымыз. Сол балалардың мерекесі қарсаңында, барлық топ қалыс қалмай өз өнерлерін көрсетті. 1950 жылдан бастап, Халықаралық балаларды қорғау күні болып тойланып келе жатқан мерекелік шараның әр отбасы үшін қуаныш сыйлары анық. Тікелей бүлдіршіндермен жұмыс жасап отырғандықтан, сол балалардың жеткен жетістігі біз үшін үлкен мәртебе. Ендеше, бүлдіршіндеріміздің аспаны ашық, болашағы жарқын болсын! - деген ақ жарма тілегін арнады. 

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521