Жақында жастар ресурстық орталығында «Атырау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Самғау» жобасы аясында ауылдық жаттықтырушыларды дайындау курсы ұйымдастырылды.
Облысымызда алғаш қолға алынған аталмыш жобаға ауданымыздың әр аймағынан барлығы 19 ерікті жас қатысып, «Ауылдық жаттықтырушы» сертификатына ие болды. Төрт күндік тренингте жастар жаттықтырушылық шеберліктерін шыңдап шықты. Жобаның басты мақсаты – аудандағы әрбір жасты түгелдей оқумен немесе еңбекке араласуға қамтамасыз ету. Енді, ауылдық жаттықтырушылар алдағы төрт ай көлемінде аудан жастарымен «Жастар мен жасөспірімдерді оқыту, жұмысқа орналасу және лайықты еңбек ету дағдыларын дамыту» тақырыбында жұмыс жасайтын болады.
Нұрәділ ЕЛАМАН