Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Еңбекпен тапқан еселі табыс

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының қолдауымен «Жас кәсіпкер» бизнес жобасының қатысушылары «Керуен» сауда орталығы алдында ауыл тұрғындарына жәрмеңке ұйымдастырды.

Шараға 20-ға жуық жас қатысып, тапсырма бойынша межеленген қаржыны еселеп қайтару талабынан шығуға тырысты. Бұл бизнес шеберліктерін шыңдап жатқан жастарға кәсіпкерлік жолға бастау ретінде берілген мүмкіндік. Қатысушылар 5000 теңге көлеміндегі қаржыға ұн, лимон, бояуыштар сатып алып, одан бауырсақ, лимонадтар жасап, тұтынушылар назарына ұсынды. Осылайша, жәрмеңкеде бағын сынаған жас кәсіпкерлер шығарылған 5000 теңгеден 12000 теңге табыс тауып, түскен қаражатты қайырымдылыққа жұмсады. Сондай-ақ, шара барысында жастар флешмоб ұйымдастарып, жәрмеңкенің көркін қыздырды.

Нұрәділ ЕЛАМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT