Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ауыл тұрғындарына арналған жәрмеңке

Жақында Тайсойған ауылдық округінде «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.

Оған аудандағы жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы басшылары мен мамандары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті аудандық бөлімінің мамандары қатысты.

gul1

Алдымен жәрмеңкеге келген ауыл тұрғындарына барлық көрсетілетін қызмет заңдылықтары кеңінен түсіндіріліп, кеңестер берілді. Шара барысында 13 ауыл тұрғыны өздеріне қатысты мәселелері бойынша ақпараттарын алып, аудан әкімдігі және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен жадынамалар таратылды. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары азаматтарға «Электрондық үкімет», «Электрондық сандық қолтаңба» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу туралы кеңестер беріп, түсіндірді.

Гүлсұлу МҰСАҒАЛИЕВА,

аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер,

ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT