Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Балаларға арналған жаңа әдебиеттер

Балалар кітапханасы оқырмандарын қуанышқа бөлейтін, өз өмірін тануға, ұғынып білуге жетелейтін, дүние тану болмысын, түйсігі мен зердесін байытатын кітаптарға толды.

Атап айтсақ, оқырманды ата тарихымызбен, Ұлы дала өркениетімен, ұлттық мәдениетімізбен, әдебиетімізбен, өнерімізбен, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызбен әрі тарихи ұлы тұлғаларымызбен таныстыра отырып, көптеген құпия жайттар мен тарихи оқиғалардың, табиғи құбылыстардың сырын түсінуге көмектесетін «Сен білесің бе?» атты анықтамалық жинақ бар.

Жинақтағы көркем тілмен қысқа да нұсқа жазылған мәтіндер балалардың туған жері мен халқына, тілі мен дініне, әдебиеті мен мәдениетіне деген мақтаныш сезімдерін оятып, ұлы ата-бабаларының асыл мұраларын құрметтеуге баулиды. Өмірді жете танып бәрін білгісі келетін оқырмандарға «Адамзат тарихының шежіресі», «Географиялық аймақтар», «Жануарлар», «Мен және қоршаған әлем» атты танымдық анықтамалықтар білімнің тереңіне бойлап, кемелденуге жетелеп рухани байытатын құнды дүниелер.

Сондай-ақ, Мизам елінің көңілді тұрғындарымен, әлем халықтарының жаңа жылды тойлау дәстүрлері арқылы күнтізбелер туралы бұрын естімеген мәліметтермен танысып, басқатырғыштың сұрақтарына жауап беріп уақытыңды мәнді өткізгің келсе қызықты Мизам танымдық кітабын оқы дер едік. Балаларды кішкентайынан халық ауыз әдебиетімен сусындатып, олардың ой-өрісін, танымдық қабілетін дамытатын «Жан-жануарлар әлемі», «Өнегелі ертегілер», «Қиял-ғажайып ертегілері», «Әжемнің ертегілері», «Қазақстандық ертегілер», «Ертегілер елінде» топтамасымен берілген әлем ертегілері және қиялшыл балаларға арналған шытырман боямақтар келгенін хабарлай отырып барша оқимын деген балаларды кітапханада күтеміз.

Роза ӘБІЛХАНОВА,

аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521