Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ауыл шаруашылығы жерлері он жылға жалға беріледі

Биылғы жылдың 4 мамырында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №151 Заңы қабылданып, күшіне енді. Ауыл шаруашылығы жерлері бұдан былай конкурс негізінде 10 жылға жалға беріледі. Ол жерлер аудандық қоғамдық кеңестермен, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдармен, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен келісіледі. Келісуші органдар мен ұйымдар жалпы санының кемінде төрттен үші оң қорытынды берген жағдайда келісілді деп есептеледі.

Конкурстың жариялылығын қамтамасыз ету үшін жер комиссиясы құрамына салалық қоғамдық бірлестік, кеңестердің, кәсіпкерлік палата өкілдерін енгізу қарастырылған. Сондай-ақ, конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі олардың орналасу схемасымен бірге келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде өз ұстанымының уәжді негіздемесі бар қорытынды береді. Келісілген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бекітеді. Ал, жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу мерзімі көрсетілген тізбе бекітілген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Жаңа Заң бойынша барлық ықтимал қатысушыларға конкурс ашықтығын және тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында конкурсты өткізу туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылса, мемлекеттік органдардың, ауылдық округтерде халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерінде қойылған. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу – өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім міндетті түрде тіркеу нөмірі мен өтінім берушіге хабарлама беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі. Конкурс қорытындысы шығарылған күні ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына жіберіледі және қорытындысы шығарылған күн оның аяқталған күні болып есептеледі. Сонымен қатар, өзгерістер жерді тиімді пайдалануға да қатысты болып отыр. Мысалы, берілетін жерлердің ұтымды пайдаланылуын тексеру мақсатында заң жобасымен тұрақты мониторинг жүргізу қарастырылды. Жалға алудың алғашқы 5 жылында жыл сайын, келесі кезеңдерде суармалы егістіктерге әрбір 3 жылда, шабындық жерлерге әр 5 жылда мониторинг жүргізіліп отырады. Жерді мақсатты пайдалану үшін бақылау күшейтіледі.

Ержан НҰРАЛИН,

аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT