Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Аудандық соттағы сайыс

Қызылқоға аудандық сотының мемлекеттік тілді дамыту мен қолданудың іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Туған тілім – тәуелсіздігімнің тірегі» тақырыбында сайыс өтті.

Оған Б.Аманшин атындағы орта мектебінің 6-7 сынып оқушылары қатысып, тәуелсіздік, Отан, Елбасы туралы өлең-жырларды мәнерлеп жатқа айтып, өздерінің Отанға, ана тілдеріне деген сүйіспеншіліктерін зор тебіреніспен жеткізе білді. Сот төрағасы Айтжан Досмағамбетова мектеп әкімшілігіне және сайысқа қатысқан оқушыларға ризашылығын білдіріп, оларға алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етті.

Екі тарап келісімге келді

Аудандық сот отырысында талап қоюшы «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы жауапкерлер М. және тағы басқаларға 3 791 744 теңге берешекті өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Іс қаралу барысында екі тарап соттан татуласу келісімін бекітіп, іс жүргізуді тоқтатуды сұрады. Сот ұйғарымымен татуласу келісімі бекітілді. Татуласу келісімінің шарттары бойынша талап қоюшы «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы қойған талабынан бас тартады. Ал, жауапкерлер 3 791 744 теңге мөлшерінде берешекті татуласу келісімінде көрсетілген кестеге сәйкес 2019 жылдың 28 мамырына дейін талап қоюшыға төлеуге міндеттелді. Осылайша, тараптар арасындағы мүліктік дау сотта олардың татуласуымен аяқталды.

Алаяқ бас бостандығынан айырылды

Қыркүйек айында Қызылқоға ауданына қарасты Карабатан ауы-лында орналасқан жауапкершілігі шектеулі серіктестікте "электромонтажник" болып жұмыс істейтін О.С мекемеге «электромонтажник» лауазымына адамдарды жұмысқа қабылдап жатқанын алдын ала біліп, интернет жүйесі арқылы жұмыс іздеу сайтына, «К» деген өтірік, лақап есіммен ұялы телефон нөмірін және «Газо электро стансасының зауытына» вахталық жұмысқа электрик және электормонтажник қызметіне адамдар іздеп жатқандығы жөнінде хабарлама қалдырған.

Кейін жәбірленушілер жұмысқа конкурстың негізінде тапсырса да, сотталушы өзі орналастырған адам болып, олардан жұмысқа кіргізгені үшін келіскен сомасын алып, кетіп қалған. Кейін жәбірленушілер сотталушының алаяқтық әрекетін біліп, шағымданған. Сол себепті, аудандық сотта қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат О.С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Кейін сотталушы әрекетіне өкініп, жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеп берген.

Сот үкімімен сотталушы О.С Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 3 тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT