Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

"Көрісу мейрамы" тойланды

думанды той
думанды той

14 наурыз - Көрісу күніне орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырумен "Арман" мәдениет үйі өнерпаздарының қатысуымен орталық алаңда "Амал келді – жыл келді" атты мерекелік шара өтті. 

Бірлік пен татулықты ту еткен мерекеде аудан тұрғындары мен қонақтары үшін киіз үйлер тігіліп, думан тойға жиылғандарға  наурыз көже мен бауырсақ таратылды.
Мерекелік шараға аудан басшысы Қанат Әзмұханов пен ауыл ақсақалдары да қатынасып, наурыз көжеден ауыз тиген соң, еліміздің тыныштығын тілеп, ауданымыз су тасқынынан аман болсын деген ниетпен ауылымыздың ақсақалы Жауқаш Тұрдағалиев үлкендер атынан ақ батасын берді.
Концерттік бағдарлама үлкендерге ізет көрсетіп, жастарға ілтипат білдіретін көрісудің дәстүрлі көрінісімен басталып,  "Жұлдыз-ай" үлгілі би ұжымы, "Ойыл аруы" бишілер тобы қазақ биімен шашу шашса,  "Арман" триосы мен өнерпаздар әуезді әндер легін ұсынды.


Сондай-ақ, мерекеде жас балғындар мен ересектер арасында ұлттық спорт түрі асық ату мен ләңгі тебуден жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бөлім атынан диплом, медальдар табысталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521