Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне миллион теңгеден қаржылай көмек беріледі

«Атырауда Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне миллион теңгеден қаржылай көмек беріледі»,-деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша, аталған мереке қарсаңында барлығы екі мыңдай адам қолдау алады. Атап айтқанда, Атырау қаласында тұратын Ұлы Отан соғысына қатысқан 3 адамға 1 000 000 теңге қаржылай көмек беріледі. Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагер тұтқыны (узник) саналатын бір адам бар. Оған да 1 000 000 теңге қолдау көрсетіледі. Ал жеңіске үлес қосқан тыл еңбеккерлері 45 адам 100 000 теңгеден біржолғы ақшалай көмек алады. Ұлы Отан соғысы жылдарында жұмыс жасаған алайда наградталмаған тыл еңбекерлері яғни жеңіске үлес қосқан тыл еңбеккерлерінің тағы бір тобына яғни 1874 адамға – 30 000 теңгеден қаржылай көмек беріледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT