Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда алдағы жылдары 42 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ

«Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Елбасы қатысуымен өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХIХ сессиясынан кейін облыстағы этно-мәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесуінде айтты»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов 22 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралған кеңесте жеті бағыттан тұратын нақты міндеттер жүктелгенін атап өтті. Облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын қабылдауды тапсырғанын жеткізді.

«Жоспар аясында облысқа алдағы 5 жылда шамамен 9,5 трлн теңге инвестициялар тарту, оның ішінде 8 трлн 600 млрд теңгеден астам жеке инвестициялар тарту қарастырылған. Соның арқасында 42 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру көзделген. Кешенді жоспарды іске асыру Атырау облысының дамуына қуатты серпін беріп, азаматтарымызды толғандыратын көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді»,- деген аймақ басшысы бұл жоспарларды іске асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының да маңызды рөлге ие болатынын айтты. Сонымен қатар, аймақ басшысы сессияға қатысушыларды алда келе жатқан 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

«Тәуелсіздік жылдарындағы сындарлы саясаттың арқасында Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Олар бірінші мамырда береке мен бірлікті, бейбітшілік пен ынтымақты мерекелеуді дәстүрге айналдырды. Сіздерді осынау атаулы күнмен құттықтаймын!»,-деді облыс әкімі. Жиын соңында Қазақстан Халқы Ассамблеясы мүшелері Зураб Бобохидзеге «Қазақстан конституциясына 25 жыл», ал Александр Думлерге «Қазақстан Халқы Ассемблеясына 25 жыл» мерекелік медалін табыстады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT