Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау облысында жол сапасын жақсартуға бағытталған тағы 7 жоба аясындағы жұмыстар басталды

Өңірде көлік қатынасының қауіпсіздігін арттырып, инфрақұрылым сапасын жақсарту мақсатында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Облыстық маңызы бар Атырау-Астрахань тас жолының 616–621 шақырым аралығындағы, яғни, Атырау қаласына кіреберіс бөлігін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын «Казахдорстрой» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде. Бұл жұмысты 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Аталған учаске III санаттан I санатқа ауыстырылып, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының теңгеріміне берілген. Соған сәйкес жол енді төрт жолақты болып кеңейтіледі. Жалпы ұзындығы – 5 шақырым. Оның ішінде теміржол өткелінің үстінен өтетін ұзындығы 89,4 метрлік үлкен көпір бар. Жоба аясында ескі көпір толық бұзылып, жаңадан салынады. Қазіргі уақытта ескі жол қабатын бұзу және айналма жол салу жұмыстары жүргізілуде.
 
«Индер–Қарабау–Миялы–Сағыз» жолының 115 шақырымын, яғни, Миялы мен Сағыз ауылының аралығындағы бөлігін орташа жөндеу жұмыстарын осы жылы бастау жоспарланып отыр. Бұл жұмыс жолдың 202-317 шақырым аралығында өтеді. Жоба аясында жасалатын жұмыстар: 115 км жолдың негізгі қабатын тегістеу, жер жамылғысы бойынша шағын учаскелерді көтеру және кеңейту, сьездердің құрылғысы, дәретханалар, қызмет көрсету павильондарының құрылысы, асфальт төсеу, жолақтар салу, жол бойындағы белгілерді ауыстыру, құбырларды алмастыру, жол жиектерін нығайту.
Бүгінде осы автомобиль жолдарының құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер мекеме анықталды. Жоба 2026 жылдың мамырында аяқталады.
 
Атырау–Индер бағытының 67–117 шақырымына орташа жөндеу жүргізілуде.
Ұзындығы – 50 км. Құрылысы биыл сәуірде басталған жолды жөндеу жұмыстары қарашада аяқталуы тиіс. 
Сондай-ақ биыл 3 аудан орталығына және Исатай ауданына қарасты Қызылүй ауылына кіреберіс жолдар орташа жөндеуден өтпек.Олар: 
•Мақат ауылы – 4,53 км жол ;
•Қызылүй ауылы – 32 км жол ;
•Аққыстау ауылы – 0,8 км жол ; 
•Құрманғазы ауылы – 0,975 км жол.
Бұл жобалар аясында асфальт төсеу, жолақ сызу, белгілер мен жарық шамдарын орнату, жол жиектерін нығайту жұмыстары қамтылады. Бүгінде осы 4 жобаны іске асыру үшін мемлекеттік сатып алу порталы арқылы мердігер мекемені анықтау процессі жүруде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT