Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырау облысында үш ауылға кірме жолдар жөнделеді

Атырау облысында Аққыстау, Құрманғазы және Мақат ауылдарына апаратын облыстық маңызы бар автожолдар жаңғыртылады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазір үш нысан бойынша: Исатай ауданы Аққыстау ауылына кірме жол (ұзындығы 0,8 шақырым), Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылына кірме жол (0,975 шақырым) және Мақат ауданы Мақат ауылына кірме жол (4,53 шақырым) жобаларына сараптаманың оң қорытындылары алынған. Сонымен қатар осы жобаларға техникалық қадағалаушы мекемелер де анықталды.

- Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемені мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы анықтау процесі жүріп жатыр. Атап айтсақ, барлық жолдың негізгі қабаты тегістеліп, асфальт төселеді. Кейін жол белгілері мен құбырлар жаңартылып, жол жиектері фрезерленген материалмен толықтай нығайтылады,- деді Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының м.а. Ержан Хайноллаев.

Сала мамандарының айтуынша, жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған бұл жұмыстар өңір тұрғындарының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және көлік қатынасын оңтайландыруға сеп болмақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT