«Мемлекеттік атаулы көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №165-VI Қазақстан Республикасы Заңымен 2018 жылғы 2 шілдеде өзгерістер енгізілді.
Атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз болып екіге бөлінеді. Аталған заңда «Ақшалай көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді», – делінген. Сондай-ақ, өтініш жасалған айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалып, ай сайын төленеді.
Ал, шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі жеті жасқа дейінгі балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедек, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі. Өтініш жасаған айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді. Сонымен қатар, шартты ақшалай көмек өтініш жасалған айдан бастап әлеуметтік келісім шарттың қолданылу кезеңіне тағайындалып, әлеуметтік келісімшартта белгіленген кезеңге ай сайын немесе біржолға төленеді. Сондай-ақ, 2 тармақтың 3 бөлігіндегі «уәкілетті орган» деген сөздер «халықты жұмыспен қамту орталығы» боп өзгерді. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған кезеңде отбасы құрамының табысы өзгерген жағдайда атаулы әлеуметтік көмек қайта есептеледі.
Бағыт РЫСҚҰЛОВА,
аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы.