Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

8 ЖАҢА АВТОКӨЛІК ТАБЫС ЕТІЛДІ

Бүгін ауылдық округтерінің ветеринариялық пункттеріне алты жаңа автокөлік табысталды. Облыс әкімінің  қолдауымен жергілікті жерлердегі ветеринариялық қызметті жүргізуші мекемелердің техникаларын жаңарту жоспарланып, қызметтің сапалылығын арттыру, оның техникалық жарақтандырылуын қолға алу тапсырылған болатын. Осы орайда, аудан әкімі Қанат Әзмұханов Қызылқоға, Жамбыл, Көздіғара, Ойыл, Жангелдин, Мұқыр ауылдық округтерінің ветеринариялық пункт меңгерушілері мен мен аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шыныықтыру және спорт бөліміне келген екі автокөліктің кілтін «Арман» мәдениет үйіне салтанатты түрде табыс етті. 

– Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келе жатқанына барлығымыз куәміз. Соның ішінде Қызылқоға ауданы алғашқы орында. Бүгін ветеринария саласына алты автокөлік берілсе, келесі жылы қалған төрт ауылдық округке де автокөлік берілмек. Жақында ғана орталық кітапханаға автокөлік табыс етілсе, бүгін мәдениет үйіне де газел автокөлігі берілмек. Жаңа көлік сіздердің жұмыстарыңыздың жылдам орындалуына, шалғай жерлерге уақытылы баруға мүмкіндік жасайды деп есептеймін, - деді аудан әкімі Қанат Әзмұханов.

Одан кейін сөз алған Мұқыр ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Ақниет Сахиев:

– Ветеринария саласына мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Енді, шалғайдағы  елді мекендерге қиындықсыз қатынап, сапалы қызмет көрсетуге және мал шаруашылығы дамуына үлкен қолдау болды. Ветеринар мамандарының жұмысына бірден-бір керегі - көлік. Бұл көліктер біздің өңірдің табиғатына да қолайлы, шалғай елді мекендерге де жол талғамай, қиындықсыз қатынауға да мүмкіндік береді,-деді.

Кәмшат ӘБІШ
Суреттерді түсірген автор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT